Импортер

Егер сіз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тек жеке мақсатта фонограммаларды және аудиовизуалды шығармаларды еркін жаңадан шығару үшін пайдаланатын жабдықтар мен материалдық құндылықтардың импортері болып табылсаңыз, сіз авторлардың, фонограммалар мен аудиовизуалды шығармаларды орындаушылардың және дайындаушылардың пайдасына сыйақы төлеуге міндеттісіз. Осы міндеттеме келесі нормативтік актімен қарастырылған: Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және шектес құқықтар туралы» Заңының 26-шы бабы.

Жеке мақсатта фонограммаларды және аудиовизуалды шығармаларды еркін жаңадан шығару үшін сыйақы төлеуге арналған қаражат, үй жағдайында пайдалануға арналмаған кәсіби жабдық импортерлерінен алынбайды.

Құқық иегерлерінің Еуразиялық Одағы авторлардың, орындаушылардың және фонограмма мен аудиовизуалды шығармаларды дайындаушылардың жеке мақсатта жаңадан шығару үшін сыйақы алуына құқықтарын жүзеге асыру саласындағы, ұжымдық негізде құқықтарын басқару жөніндегі ұйым болып табылады. 

Шартты жасау үшін мыналар керек:


1. Шарттың бланкісін жазып алу керек.

2. Шартты толтыру және қол қою керек.

3. Жарғылық құжаттардың көшірмелерін қоса беру керек

4. Қол қойылған шартты және жарғылық құжаттардың көшірмелерін ҚЕО-на жіберу керек.

После ввоза необходимо:

1. Скачать заявление о ввозе
2. Заполнить и подписать заявление
3. Приложить копии таможенных деклараций
4. Направить подписанное заявление и копии деклараций в ЕСП
5. Оплатить выставленный ЕСП счет