Одақтың Төрағасы

Блиев Асет Асылбекович

Авторлық кеңес

Суленов Марс Сеильбекович – Авторлық кеңестің Президенті

Композитор, ақын,  көркемдеуші,  продюсер.

«Абырой» Авторлық Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Төрағасы.

Көптеген халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты.

100 аса әндердің, саунд – тректердің, ТВ – хабарлардың, ұйымдардың (оның ішінде шетелдік те) және ҚР Мемлекеттік органдары үшін әнұрандардың авторы

   

Сахипова Нургайша Нуртаевна – Авторлық кеңестің мүшесі


Еңбек өтілі:
– Бүкілодақтық авторлық құқықтар жөніндегі Агенттіктің Қазақ республикалық бөлімшесінің бас заң кеңесшісі (БАҚА) (1985-1992);
– бас заң кеңесшісі, Қазақстан Республикасының авторлық және шектес құқықтар жөніндегі мемлекеттік агенттігі заң бөлімінің басшысы (ҚазАШҚА) (1992-1993);
– ҚазАШҚА төрағасының орынбасары (1993-1997);
– Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Авторлық құқықтар жөніндегі агенттігі директорының орынбасары (1997-1998);
– Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Авторлық құқықтар жөніндегі агенттігі директорының орынбасары (1998-1999);
– «Қазақстандық авторлық қоғам» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (1991-2001);
– Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетінің төрағасы (2001-2006);
– Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитет төрағасының орынбасары (2006-2010);
– зияткерлік меншік нысандарын коммерциализациялау, бағалау және сақтандыру жөніндегі қызмет директорының бірінші орынбасары, басшысы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеттің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК шарттарды сараптау және коммерциализациялауға көмек беру басқармасының басшысы (2010-2012).
III дәрежелі «За вклад в создание Евразийского экономического союза» медалімен марапатталған (2015).

Балмагамбетова Любовь Юрьевна – Авторлық кеңестің мүшесі

Соттарда, қаржы полициясында, адвокатурада әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап «Аманат» авторлық және шектес құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйымы» Жеке меншік Мекемесінің басшысы болып табылады. ВОИС (WIPO) Академиясында – Зияткерлік меншік негіздері, Авторлық құқық және шектес құқықтар курсы бойынша ара қашықтық оқытудан өткен.

Абдулхаликов Ринат Абдулханович – Авторлық кеңестің мүшесі

– композитор, ақын, журналист, продюсер, қоғам қайраткері.

Әр жылдарда Қазақ мемлекеттік телевидениесінде, КТК, Хабар, Астана ТV телеканалдарында жұмыс істеді, продюсерлік қызметпен айналысты, Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешінінің режиссері болды. «Назарбаев орталықтың» ақпараттық-имидждік жұмысы қызметін басқарды (2012-2013), «Қазақстан» РТРК» АҚ атқарушы продюсері болып жұмыс істеді. Қоғамдық қызметпен 2000-шы жылдардың басынан айналысады: Астана қаласындағы «Тан» татар-башқұрт ұлттық-мәдени орталығының басқарма мүшесі, кейін оның басшысы болды.  2007 жылдан бастап – Қазақстан татар және башқұрттар Ассоциациясы президиумының мүшесі. 2012 жылдан бастап – АТБК атқару комитетінің төрағасы, атқарушы директоры. «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» РҚҰ Басқармасының мүшесі.

«Абырой» Авторлық қоғамы» РҚҰ директоры.

Каудыров Толеш Ерденович – Авторлық кеңестің мүшесі


Заң ғылымдпарының докторы, Профессор.
Еңбек өтілі:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкері (05.1990-06.1992);
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлттық патенттік ведомствосының, Қазпатенттің, Қазақстандық патенттік сараптама институтының Төрағасы, (06.1992-06.2002);
Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Азаматтық-құқықтық зерттеулер институтының директоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Халықаралық ынтымақтастық қызметінің басшысы (06.2002-2017);
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры (06.2017-10.2019).
Халықаралық зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі коалицияның аймақтық өкілі (CIPR);
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Халықаралық кеңестің мүшесі (29.12.2016, 18.01.2019);
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңес жанындағы Ғылыми-консультациялық кеңестің мүшесі (24.01.2018 ж. бастап);
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі (26.02.2019-30.12.2020)